Ауылдарды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі артты

Ауыл-аймақты дамытуға бөлінетін қаржы көлемі 800 миллиард теңгеге ұлғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Асқар Маминнің хабарлауынша, бұл қаражат есебінен халықты сумен қамту жоспараланып отыр. Сондай-ақ жол жөнделіп, ауруханалар мен спорт кешендері салынады. Елді мекендердегі 5 мың мектепті жаңғырту да көзделген. 

Жалпы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында  500 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.