Азаматтардың жалғыз үйін қарызы үшін өндіріп алмау туралы ұсыныс жасалды

Азаматтардың жалғыз үйін қарызы үшін өндіріп алмау туралы ұсыныс жасалды

Сот орындаушылары азаматтардың жалғыз үйін қарыздары үшін өндіріп алмау керек. Сенаторлар борышкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында Үкіметке сауал жолдап, осындай ұсыныс жасады.

Оған сәйкес адамдар материалдық жағдайы реттелмейінше үйінен шығарылмайды. Сондай-ақ депутаттардың пікірінше, бұл мәселені борышкерлерге мемлекет тарапынан уақытша жалдамалы пәтер беру арқылы да шешуге болады. Ал жеке сот орындаушылардың қызметін қатаң бақылауға алып, олардың жауапкершілігін арттыру көзделген. Айта кетерлігі, шілде-қыркүйек айларында еліміздің әкімшілік соттарына жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты 2 мыңнан астам талап арыз түскен.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жалғыз үйі бар азаматтарға байланысты әсіресе көп балалы адамдарға мәселені шешу керек. Немесе ол кісілерге сол тұрып жатқан үйлерін меншікке емес, пайдалуға мүмкіндіке беру керек, немесе арендалық үй беру керек. Кредитін төлей алмай отырған азаматтар әр түрлі жағдайлармен байланысты оларды қыспаққа ала бермей, финанстық жағдайын түзегенше, бір мүмкіндік жасауды банктер қарау керек.