Нұр-Сұлтанда жарықтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанда жарықтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр
аstana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық орындар мен шет аумақтарда орналасқан елді мекендерді жарықтандыру жұмысына ерекше мән беріледі. Сонымен биыл қаладағы төрт ауданда қандай жұмыстар жүргізілді. Елорда әкімдігі сайты осыған қатысты аздаған шолу дайындап шықты.

Сарыарқа ауданының аппараты жыл басынан бері 72 көшеде, сыртқы жарықтандыру желілері бар тұйық көшеде, сондай-ақ 4 саябақта жарықтандыру жұмысын жүргізді. Қазір бұл орындар қала тұрғындары үшін жұмыс істеп тұр.

Барлық қабылданған нысандар бойынша жарықтандыруды қосу және қалпына келтіру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Көктал-1, Көктал-2 және Агроқалашық елді мекендері тұрғындарының өтініші негізде көшені жарықтандыру құралдарын (тіректер мен шырақтар) орната отырып, қосымша желілер жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Нәтижесінде биыл 30 көше мен тұйық көше жарықтандырылды.

Агроқалашық елді мекенінде биыл мұнда 21 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Оның барысында 80-ге жуық тірек пен 100-ден астам шам орнатылды.

Жақында қаладағы Диваев, Кұрақты көшелерін жарықтандыру жоспарланып отыр.

Көктал елді мекенінде 9 көше мен 9 тұйық көше жарықтандырылды. Оның барысында 50-ге жуық тірек пен 70-тен аса шам орнатылды.

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылға жуық уақытта 130-дан аса көше жарықтандыру жүргізілді. Олардың арасында қоғамдық кеңістіктер, жұрт серуендейтін орындар, сол сияқты қаланың шет аумақтары да бар.

Алматы ауданында да осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Мысалы Теміржолшылар елді мекенінде жыл басынан бері 21 тірек, жүзден аса шам орнатылды. Сол сияқты Интернациональный, Промышленный, Мичурино, Күйгенжар елді мекендерінде осы бағыттағы жұмыстар жүргізілді.

Ал Интернациональный елді мекеніндегі Сүткент, Майлыкент, Жылыбұлақ, Речной көшелері назарда тұр. Жақында осы көшелерде тиісті жұмыстар жасалады.

Есіл ауданында 27 мыңға жуық жарық нүктесі бар. Оның ішінде көше шамдары – 15 434 дана, саябақ шамдары – 10 970 дана, кварталішілік шамдар – 573 дана.

Биылдан бастап аудан көше, саябақ және орамішілік жарықтандыруды ағымдағы ұстау бойынша 3 учаскеге бөлінген.

Есіл ауданында биыл 18 көшеде электр қуатын қосып, заманауи шамдар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылы жалғасатын болады.

Ал Байқоңыр ауданында жыл басынан бері 30 көшеде 1000-нан астам шам ауыстырылды. Сол сияқты жарығы жоқ көшелерде 11 мекен-жай бойынша жарықдиодты шамдармен жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары жүріп жатыр.

«Ататүрік», «Ұстаздар», «Театр» алаңы, «Құтқарушылар» алаңы, Ж.Тәшенев атындағы саябақтарда жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласында жарықтандыру жұмысы ары қарай да жалғаса береді.