Елімізде электр самокаттарға қатысты ереже қашан өзгереді?

Елімізде электр самокаттарға қатысты ереже қашан өзгереді?

Кикшерингтік компания өкілдері мен Алматы экологиялық транспорт қауымдастығының мүшелері жол ережесі туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар электр самокаттардың жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейінгі көліктер қатарынан шығарып тастау қажет екенін айтады. Самокаттардың жылдамдығы 25 шақырымға дейін болғандықтан, оған қатысты талап пен ереже де басқаша болу керек дейді. Себебі жаяу жүргіншілер самокаттардың тротуармен жүргенін қаламайды. Ал көлік жүргізушілері болса, олармен көшені бөліскілері келмейді. Бұл жағдай осы нарықтың дамуына кедергі жасап отыр. «Сондықтан микромобильды көлік құралына байланысты арнайы ереже керек»,-дейді мамандар. Оның үстіне сұраныс та артып келеді.  Өткен маусымда Алматыда кикшерингтік компаниялары жалған берген электр самокаттардың саны 2 миллионнан асады.

Мейрамбек Әбілқасымов, Кикшеринг компаниясының басшысы:

– Біз арнайы қауымдастық ашу арқылы сомакаттарды мопедтерден бөлу туралы ұсыныс жасадық. Салмағы 35 келіге дейін, жылдамдығы 25 шақырымнан аспайтын экологиялық көлік құралдарына қатысты талап пен арнайы жол ережесі болуы керек. Ал Ішкі істер министрлігі біздің өтінішімізге құлақ асады, деп ойлаймын. Өйткені бұл жылдам дамып келе жатқан көлік құралы.