Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қажет пе?   

Банкке берешегі бар жандардың қатары күн сайын көбейіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Сондықтан кей мамандар жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын қабылдайтын кез жетті деп отыр. Біз тілдескен экономист бұл – әлемде бар тәжірибе дейді. Дамыған елдер тұрмысы күрт нашарлап кеткен жандарды банкрот деп жариялап, олардың қарызын кешіреді. Бірақ олар белгілі бір уақытқа дейін банктерден қайта қарыз ала алмайды. Тап осындай әдісті біздің елде қолданса, біраз адамның жағдайы дұрысталып қалар еді дейді сарапшылар.

Арман Бейсембаев,  экономист:

– Бұл мәселені саналы түрде шешу керек. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды қабылдайтын кез жетті. Қарызын өтей алмай жүрген адамдар болса, олар өздерін банкрот деп жариялау керек. Сол кезде банктер оларға кредит бермейтін болады. Кемі 5 жыл қарыз ала алмайды. Меніңше, сол кезде бәрі әділ болатын сияқты.