БҚО-да санэпидқызмет жұртты мереке кезінде үйден шықпауға шақырды

БҚО-да санэпидқызмет жұртты мереке кезінде үйден шықпауға шақырды

Батыс қазақстандық санэпидемиологтар өңір тұрғындарын мереке күндері өз отбасында болуға шақырып отыр.

Өйткені адам көп жиналатын іс-шаралар қатерлі індеттің қайтадан бас көтеруіне әкелуі мүмкін дейді мамандар. Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 6 процентке төмендеген. Бірақ жедел респираторлық вирусты инфекцияның таралуы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге өсіп отыр. Күз маусымы басталғалы бері 20 мыңдай өңір тұрғынынан осы вирус анықталса, 81 адамның грипке шалдыққаны анықталды. Сол себепті мектеп пен балабақшаларда мерекелік шаралар өткізуге рұқсат берілмейді.       

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Облыста бүгінгі күні «омикрон» жағдайлары тіркелген жоқ. Эпидемиялық маусымда білім беру ұйымдарында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын өткізу шектелген.