Қарағанды облысында өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар ашылды

Қарағанды облысында өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар ашылды

Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының ашылуына қатысты. Сондай-ақ өңір тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады.

Асқар Мамин Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада Қарағанды облысының жоғары экономикалық әлеуетке ие екенін және еліміздің дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.

1991 жылдан бастап жалпы өңірлік өнім 24 есе өсті. Облыста шетелдік серіктестермен бірлесіп жолаушылар автобусын, карьерлік және жол техникасын құрастыру жобалары іске асырылып жатыр.

Жыл сайын 1100 автобус пен 400 бірлік арнайы техника және арнайы көлік шығару жоспарланып отыр.

Көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғыртылып жатыр, балабақшалар, мектептер, медицина және спорт объектілері салынды.