Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

13 желтоқсан күні сағат 11-лер шамасында Водников-2 ықшамауданында жол-көлік оқиғасы болды. Жедел жәрдем көлігі Volkswagen Touareg автокөлігімен соғысып бір жағына аударылып қалды, деп хабарлайды Хабар 24 azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2 және 8 көшелердің қиылысында болған. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция болған жайды тергеуде.

Кейін облыстық аурухананың баспасөз қызметі «АЖ»-ға жүргізуші тексерістен кейін үйге жіберілгенін хабарлады. Ал, 27 жасар фельдшердің жағдайы орташа деп бағаланған. 3-4 күннен кейін оны ауруханадан шығарады.