2019-2021 жылдар: Н.Назарбаевтың өкілеттігі тоқтады. Қордағы қаражат қолдануға берілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған дәстүрлі айдарымызды жалғастырамыз. Бүгін 2019 және 2021 жылдар аралығында болған айтулы оқиғаларға көз жүгіртейік.

2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған.

ЭКОНОМИКАНЫ ДІҢКЕЛЕТКЕН ІНДЕТ

2020 жыл тек біздің еліміз үшін емес, барлық әлем үшін үлкен сынақ болды. Барлық әлемді жайлаған індеттің кесірінен еліміздің экономикасына, саясатына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына және тағы да басқа мәселелерге байланысты қиыншылықтар туындады. Қазір індеттің салдарымен күрес қарқынды жүріп жатыр.

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

2021 жылы қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы жинақтарын қолдануға мүмкіндік берілді. Күні бүгінге дейін қордағы қаражатының бір бөлігін 800 мыңға жуық азамат пайдаға жаратты. Олардың басым бөлігі қаржыны тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсаған. Ал ертеңнен бастап жинақтағы шектік межеден артық ақшаны Отбасы банкіне депозитке аударуға болады. Бұл жақында ғана енгізілген жаңалық.