Ақмола облысында алғаш рет фандомат аппараты іске қосылды

Ақмола облысында алғаш рет фандомат аппараты іске қосылды

Енді өңірде пластик бөтелкелерді қабылдайтын автоматты терминал жұмыс істейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Тың техника Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сауда үйлерінің біріне қойылған. Фандомат деп аталатын қондырғыға 2 жарым литрден аспайтын пластик құтылар мен шөлмектерді тапсыруға болады. Олар кейіннен қайта өңдеуге жіберіледі, – дейді жобаны қолға алғандар. Ал өткізген адамға ақша бонус ретінде ұялы телефондағы арнайы қосымшаға аударылады. Табиғатты қорғауға бағытталған кәсіптің қаншалықты тиімді болары халықтың мәдениетіне байланысты дейді экологтар.

Айта кетейік, қазір осындай фондаматтар еліміздің бірнеше қаласында бар.

Мәриям Әбішева, эколог:

– Қалдықтарды қайта өңдеу ісі өте бір керемет табысты кәсіп емес. Бұл өзі әлеуметтік кәсіпкерлік. Бірақ бизнес өкілдерінің осы бастамасын халық қолдап, оның өміршеңдігіне жол ашса, онда табиғатқа да, кәсіпкерге де тиімді болар еді. Сондықтан Аршалыда іске қосылған фандомат басқа аудандарға да үлгі болса дейміз.