Талдықорғанда сауда орындары ашылды

Талдықорғанда сауда орындары ашылды

Талдықорғанда бүгін коммуналдық базар мен 3 ірі сауда орны ашылды.

Ертең қаладағы жанар-жағармай құятын бекеттер тұрақты жұмыс істей бастайды. Өңірде арнайы комиссия құрамы бекітіліп, қызметіне кірісті. Олар қаладағы бүлінген ғимараттарды аралап, шығын көлемін есептеп жатыр.  

Қанат Бозымбаев, облыс әкімі:

- Ертеңнен бастап қаланы тазалау жұмыстарын қолға аламыз. Тиісті құрылыс компанияларды тартып, тазарту жұмыстарын жүргізу керек.