Шымкент қайтадан «қызыл аймаққа» енді

Шымкент қайтадан «қызыл аймаққа» енді

Шымкент қаласы қайтадан «қызыл аймаққа» енді. Шаһардағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті.

Өткен тәулікте қауіпті індеттің 141 жаңа жағдайы тіркелді. Мегаполистің бас санитарлық дәрігері карантинді күшейту туралы шешім қабылдады. Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс уақытын қысқартты. Театр, кинотеатр, концерт залдары «Ашық» жүйесі арқылы небәрі 30 проценттік толымдылықпен жұмыс істеп жатыр. Ал театрдағы дайындық жұмыстарына 30 адамнан артық кіргізілмейді. Бильярд, болулинг, компьютерлік клубтар, цирк пен балалар ойын-сауық орталықтарында адамдардың көп жиналуына тыйым салынған. Мұндағы жиналатын халық саны 30%-тен аспауы керек.