Бас прокуратура: терроризм актілері бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура: терроризм актілері бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды

Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс жасады деген күдікпен 1978 адам қамалды. Бұған қоса 791 адамға айыппұл салынып, 4 мың 918-і әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Екі мыңнан астам азаматқа ескерту жасалды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасының ресми сайтында жарияланды. Мәліметке қарағанда құқық бұзушылық туралы 7 мыңдай хаттама толтырылған. 2 мың 48 материал соттың қарауында жатыр. Қазір жедел-тергеу тобы терроризмге қатысты 44, жаппай тәртіпсіздік бойынша 34 және адам өлтіру фактілері бойынша 15 қылмыстық істі тексеріп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ 412 адамды қамау туралы сот санкциясы шыққан.

Айта кетейік, қақтығыс кезінде қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың нақты саны әзірге белгісіз.