Елордада әуежай мен вокзал арасындағы арнайы рейс тоқтатылады

Елордада әуежай мен вокзал арасындағы арнайы рейс тоқтатылады
Elorda.info

Алматы қаласының халықаралық әуежайының жұмысын қалпына келтіруге байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы - Нұрлы жол вокзалы қатынасындағы арнайы рейс қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлады Elorda.info

Еске сала кетейік, арнайы рейс Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілген Алматы рейстерінің жолаушыларын кейіннен Алматыға ТЖ көлігі арқылы келу үшін тасымалдаған болатын.