Алматыда төтенше жағдай режимі ертең аяқталады

Алматыда төтенше жағдай режимі ертең аяқталады

Алматыда ертең төтенше жағдай режимі толық аяқталады.

19 қаңтар күні сағат 00:00-де Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағаттың аяқталады. Алайда өңірде антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі әзірге сақталады. Бұл туралы Алматы қаласының комендатурасы мәлім етті.

«Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық полиция департаменті, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғасады.Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Шерулер мен митингтерге тыйым салынады», делінген хабарламада.