Алматыда Полиция департаментінің call-орталығы жұмыс істеп тұр

Алматыда Полиция департаментінің call-орталығы жұмыс істеп тұр

Кешегі дүрбелеңде тұтқындалғандарды іздеушілер үшін +7 (727) 290-19-01 нөмірлі шұғыл желі іске қосылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Яғни +7 (727) 290-19-01 нөміріне хабарласып, уақытша қамау изоляторында отырған адам жайлы ақпарат алуға болады. Алматы қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, call-орталыққа қарапайым азаматтармен қатар адвокаттар да қоңырау соғып, қажетті мәліметтерді сұрай алады.