БҚО-да террорлық қауіптің «сары деңгейі» сақталады

БҚО-да террорлық қауіптің «сары деңгейі» сақталады

Жалпы Қазақстанда террористік қауіптің үш деңгейі бар. Ол бірқалыпты, жоғары, шекті болып жіктеледі.

Егер терроризм актісі бойынша растауды талап ететін ақпарат болса, қауіптіліктің "бірқалыпты" немесе "сары деңгейі" енгізіледі. Ол дерек расталған жағдайда елде жоғары, яғни "қызғылт сары" деңгей белгіленеді. Жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ оның қайталану мүмкіндігі нақтыланса, қауіптіліктің шекті, яғни "қызыл деңгей" енгізіледі. Терроризмге қарсы күрес бойынша түрлі маңыздағы жедел штабтар шара қабылдайды. Осындай жұмыстар нәтижесінде бүгін Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында терроризмге қарсы операциялар аяқталып, террористік қауіптің "қызыл деңгейі" режимі алынды. Ал Батыс Қазақстанда әзірге "сары деңгей" сақталады.