Елімізде қала құрылысын жобалау ісіне енді тұрғындар қатыса алады

Елімізде қала құрылысын жобалау ісіне енді тұрғындар қатыса алады

Елімізде қала құрылысының бірыңғай стандарты әзірленіп жатыр. Үш жылдан кейін құрылысшылар мен жобалаушылар онда бекітілген ережелерді сақтауға міндетті болады. Ал әзірге ұсыныс ретінде қарастыруы керек. Бұл стандарт елімізде жыр болған ЛРТ жобасы сынды тиімсіз құрылыстардың алдын алуға ықпал етпек. Қазақстан урбанистер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Ерлан Аукенов осындай пікірде.

Қазір қауымдастық қаланың құрылысын жобалау ісіне тұрғындар атсалысатын пилоттық жобаны жасап шықты. «Берекелі бастама» жобасы әзірге тек Ақтау қаласында іске қосылды. Жуырда Атырау қаласының тұрғындары үшін қолжетімді болмақ.

Алина Әбдірахманова, Қазақстан урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры:

– Берекелі бастама жобасының негізі мақсаты – тұрғындарға өз жобаларын интерактивті түрде ұсынып, ұнайтын құрылысты таңдауға мүмкіндік беру. Платформаға кіру үшін гуглға берекелі бастама деп теру керек. Сосын тиісті қаланы таңдап, ондағы жобаларға дауыс бере аласыз.