Оралдағы медициналық бригадалар көлікпен қамтылды

Оралда кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар қызметтік көліктерін медициналық бригадаларды тасымалдауға беріп жатыр. Өйткені аймақта эпидахуалдың нашарлауы денсаулық сақтау мекемелерінің жүктемесін ауырлатып жіберді.

Шаһарда шұғыл қоңыраулардың көбі №1 емханаға келіп түседі. Дәрігерлердің айтуынша, орташа есеппен тәулігіне 200 шақты шақырту болады. Жедел-жәрдем көлігінің жетіспеуіне байланысты науқастарға бригада кешігіп баруға мәжбүр. Еңбек ұжымдары ұсынған темір тұлпарлардың алғашқы легі осы емханаға берілді.

Земфира Қойшыбаева, қалалық №1 емхананың дәрігері:

– Кәсіпкерлер беріп жатқан автокөліктерін біз тек давлениемен, балаларға шақыртылған, т.б. вызовтарға қолданамыз. ОРВИ-ден басқа және КВИ-ден басқа вызовтар болады ғой. Бізде население осы жақта ғой. Жаяу барып келе алады медбикелер. Бірақ соларға тездетіп обслуживать ету үшін мына машиналар қосымша берілді.