Азық-түлік бағасы бақылауда болады

Азық-түлік бағасы бақылауда болады

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағалары биыл өзгермейтін болды.

Сауда үйлері мен базарларға өнім жеткізетін ірі жеті тауар өндіруші мен жергілікті билік арасында осындай келісім орнады. Соған сәйкес, сүт, құс еті, макарон және тағы басқа тағам түрлерінің құны арзан болмақ. Жалпы жыл бойы әлеуметтік маңыздағы азық-түлік өнімдерінің бағасын өткен жылдың деңгейінде ұстау көзделіп отыр.

Гүлшат Беркалиева, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

– Біз тұрақты түрде комиссия отырысын өткізіп, бағаны қалыптастыруда делдалдардың іс-әрекетін қараймыз. Егер тауар құнын өсіруге қатысты амалдары анықталса, онда сауда орындарына әкімшілік шара қолданылады. Қазірдің өзінде, қала мен аудан әкімдіктері әлеуметтік тауар бағаларын күн сайын тексеруді қолға алды.