Қызылтөбе тұрғындарын үрейлендірген газ құбыры қайта жүргізіледі

Қызылтөбе тұрғындарын үрейлендірген газ құбыры қайта жүргізіледі

Маңғыстау облысында Қызылтөбе ауылы тұрғындарын үрейлендірген газ құбыры қайта жүргізілетін болды. Ол жерге жаңадан құбыр тартуға республикалық бюджеттен 709 млн теңге бөлінді.

Әуезов көшесіне көгілдір отын желісі 30 жыл бұрын жер астымен тартылған. Бұл мәліметті Мұнайлы ауданының әкімдігі де растап отыр.

Айтуларынша, кезінде жоба мердігер қаржысына жасалған. Қазір әбден ескірген құбырлар жер үйлерге тым жақын тұр. Ауыл халқы жер қазу немесе жөндеу жұмыстары кезінде жазатайым жарылыс бола ма деп қауіптенеді. Ең сорақысы, күн ыстықта  газ иісі көшені алып кететінін айтады.

Жолмағанбет Көлешов, ауыл тұрғыны:

– Әр жерден утечка шығып жатыр. Қыстың күндері бір жерге жетпей қалады. Бір жерге шықпай қалады. Құбырдың бәрі шіріген. Енді соны үстіне шығарады деген жаңалықты естіп қуанып жатырмыз біз. Қаражат бөлінді дейді.

Нұрбек Қарасаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:

– 2021 жылдың бас жағында да кейбір жерінде утечка болған. Сондықтан Мұнайлы ауданының әкімдігі бұл трубаларды толық жаңарту мақсатында жоба ретінде сметалық құжаттарын жасақтады. Ақпан айында экспертизадан өтіп толықтай, қаражаты белгіленді. Конкурс өткізуге ұсыныс жіберілді. Көне трубалардың орнына жаңадан жердің үстімен трубалар тартылатын болады.