Өскеменде ПИК ғимараттары балалар үйірмелеріне берілуі мүмкін

Мемлекеттің меншігіндегі кеңселер мемлекеттің өзіне қайтарылады. Өскеменде бірқатар пәтер иелері кооперативтері осындай нысандарды пайдаланып келген екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі бірдей «пәтер иелері кооперативінің» басқарушысы Владимир Грицай сол екеуінің де кеңсесін босатып берді. Қала әкімдігінің талабына сай, мемлекеттік нысанды әкімдік балансына қайтарды. Күндердің күнінде осылай болатыны белгілі еді дейді ол.

Владимир Грицай, пәтер иелері кооперативінің басқарушысы:

– Бұл жерде кейбір әріптестерім сияқты аттандайтындай түк те көріп тұрғам жоқ. Біз 20-25 жыл осы жерде отырдық қой. Енді қайтаратын мезгіл жеткен екен, ендеше қайтаурымыз керек. Біз бірінші қабаттағы 1 және екі бөлмелі пәтерде жұмыс істеп келгенбіз. Енді екеуі де босады.

Оның үстіне жуық арада мұндай ұйымдардың орнын «мүлік иелерінің бірлестігі» басады.Ол жекеменшік мекеме болғандықтан,өз қотырын өзі қасуы керек. Әкімдік тізіміне сай 20 нысан балансқа қайтарылуы тиіс. Әзірге соның сегізі босады. Олар енді тұрғындар ұсынысы бойынша ең қажет деген мақсаттқа қолданылады.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:

– Нақты қажет болса, олар кеп қала әкімінің атына өтініш жаза алады. Фронт оифстер бар, ондағы мамандар қабылдайды. Өзінің толық үйірмесі туралы қай, жер қанша бала туралы толық ақпарат жазып,өтініш қалдырып кетсе біз міндетті түрде қарастырамыз. Қазіргі кезде нақты айтатын болсақ 8 офис қайтарылды.

Ғимарат тапшылығын тартып келе жатқандардың бірі – Татьяна Ушакова. Алты жылдан бері ескі үйдің жертөлесінде жастарды спортқа баулып келеді. Алпысты алқымдаған әйел қол күресінің қыр-сырын тегін үйретеді. Дәл қазір мұнда 30 шақты жасөспірім келеді. Алайда мұнда күш пен жігерді талап ететін армреслингпен айналысу тіпті қолайсыз. Ауасы тар. Іші қараңғы. Үнемі сыз тартып тұрады.

Михаил Лаврентев 12 жаста. Қол күресі десе, ішкен асын жерге қоятын ол жертөледе шұғылдану ұнамаса да, келіп жүрмін дейді. Жарық та жайлы зал болса деп армандайды.

Михаил Лаврентев, мектеп оқушысы:

– Бұл жерге аптасына 3 рет келемін. Бәрі ұнайды тек осындай жерде спортпен айналысқан қиын екен.Терлеп дем ала алмай қаламыз.

Ата-аналар да спорт үйірмесінің осындай мүшкіл халіне алаңдаулы.

Сақтаған Тұратбаев, қала тұрғыны:

– Екі баламды әкеп жүрмін. Жәй тренировкаға қарап тұрып адам өзі терлейді.

Бұл балалар армреслингкпен жай ғана әуестенбейді. Арасында өлке намысын ел және шет ел алаңдарында қорғап жүргендері жетерлік. Сондықтан шағын залмен қамтып, қамқорлық көрсетудің зая кетпесі анық.

Татьяна Ушакова, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Кейбір шалғай аудандарда спорт модульдері бар. Қандай тамаша! Біздде де сондай орын болса ғой. Балаларымның жетістігі көп. Арасында спорт шеберілігіне кандидаттар бар. Жасөспірімдерде ынта бар. Өзім де алпыстан ассам да спорт ардагерлері арасындағы сайыстан әлі қол үзгем жоқ.

Енді Татьяна Ушакова жетекшілік етіп отырған бұл ұйымда бір үміт пайда болғандай. Спорт шебері қалада босап жатқан нысандардың бірі бұйырар деген сенімде.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов