Қаңтар айында ШҚО-да алпыс мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар айында ШҚО-да алпыс мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысында ішімдік ішіп көлік басқарған 60 көлік жүргізушісі ұсталды.

6 көлік тәркіленді. Ал иелері бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ әкімшілік айыппұлды төлемей жүрген 12 автокөлік анықталды. Олар мемлекеттік органдардың қызметтік көліктері екені белгілі болды.

Андрей Ларионов, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер мен жалған номері бар көліктерді анықтау мақсатында жаппай тексеру жүргіздік. Нәтижесінде 170-тен астам көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Басым бөлігі әкімшілік айыппұлды уақытында төлемегендер. Енді ол көліктердің мәселесі сотта қаралады.