Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстерінің саны артады
pixabay.com

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Кувейттің Jazeera Airways әуе компаниясының Алматы - Эль-Кувейт бағытындағы тұрақты рейстерінің саны артып, енді аптасына 2 емес, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 3 рейс орындалады.

ҚР ИИДМ мәліметінше, бұл шешім Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қабылданды.  

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.