Мемлекеттік қызметтер толығымен электронды форматқа көшірілмек

Мемлекеттік қызметтер толығымен электронды форматқа көшірілмек

2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтер толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік-еңбек саласындағы 45 мемлекеттік қызметтің 93%-і электронды түрде және 43%-і, про-активті түрде көрсетіледі. Яғни, азаматтарға әлеуметтік сала бағытындағы қызметтерді, алу үшін халыққа қызмет көрсету орындары мен әкімдік банктердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. 

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

– Еңбекмині, Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп мүгедектікті белгілеу бойынша кешенді қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізді. Бүгінгі күні пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылды. Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша емханаға ғана жүгінеді, қалған процестер Ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен адамның қатысуынсыз өтеді.