Қостанай облысында өткен тәулікте 30 адам қар құрсауынан шығарылды

Қостанай облысында өткен тәулікте 30 адам қар құрсауынан шығарылды

Ашутасты және Алуа елді мекендері арасында үш автокөлік омбы қарға қамалып, ішіндегі 8 адам Арқалық қаласына жеткізілді.

Құтқарылғандар медициналық көмектен бас тартқан. Науырзым ауданында да ақ түтек бораннан үш темір тұлпар қар астында қалып қойып, 20 адам эвакуцияланды. Оның үшеуі бала. Ал Қарасу ауданының тұрғындар өз бетінше емдеу мекемесіне шыға алмаған. Шұғыл медициналық көмекке зәру болған 52 жастағы ер кісіні құтқарушылар арнайы техникамен аудандық ауруханаға жеткізіп тастады. Жалпы облыстағы жол бойында 23 жылыту бекеті құрылған.