Астанада «Халық сүйіктісі» Ұлттық премиясының жеңімпаздары марапатталды

«Халық сүйіктісі» Ұлттық премиясының жеңімпаздары марапатталды. Биыл 11-рет өткен байқауда әр сала майталмандары анықталды. Дауыс беретін қарапайым халық. Жұрт үздік спортшы, үздік дәрігер және үздік ұстаз аталымы бойынша өз таңдауын жасады. Үздік тележүргізуші марапаты Ақбөпе Тәңірбергенге бұйырды. Ол «Әкім» бағдарламасының жүргізушісі болды.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

- Бүгін халықтың сүйіктісі деген атқа ие болып отырмын. Жыл журналисі 2022. Ол үшін мен бірінші ауылдағы көрермендеріме рақмет айтқым келеді. Себебі еліміздің барлық аймағын аралап, барлық аудандарын араладым. Ауылдардың проблемаларын көтердім, әкімдердің мазасын алдым ептеп. Десе де, республикалық деңгейде әлеуметтік проблемаларды айттық, көрсеттік, соның нәтижесі ретінде еңбегім бағаланып, халқым дауыс беріп, мені жеңіске жеткізді. Үлкен алғыс білдіргім келеді.