Астанада жұмыссыздық мәселесі өзектілігін жоғалтпаған

Астанада жұмыссыздық мәселесі өзектілігін жоғалтпаған

Елордада жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті. Биыл халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 7 мың азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Жалпы 22 мың қала тұрғынының уақытша болса да еңбек етуіне жағдай жасалмақ.

Орталық басшысы Азамат Байтасовтың айтуынша, түйткілді шешуге бағытталған жобалар жетілдірілді. Соның нәтижесінде бас қалада «Ұрпақтар келісім-шарты», «Күміс жас» сынды жаңа жобалар іске қосылған. Ол арқылы зейнет жасына жақындаған азаматтар өз ізбасарын дайындайды. Ал жастар тәжірибесі бұрынғыдай 6 ай емес, бір жылға созылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз грант мөлшері екі есе өсіп, 1 млн 225 мың теңгеге жетті. Ол үшін үміткер «Бастау бизнес» арқылы қысқа курстан өтуі тиіс. Қоғамдық жұмыспен айналысамын деушілерге төленетін жалақы 107 мың теңгеге жетті. «Жастар тәжірибесінен» өтуге ниетті түлектер үшін мыңнан аса жұмыс орыны дайын.