Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексерді. Импровизацияланған орыннан 4 атыс қаруы табылды.

Атап айтқанда, «Beretta Xtreme», «Tikka T3x», «Gamo FS 10x igt», «Sako TRG». Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады. Сонымен қатар бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.