Алматының экологиялық ахуалы нашарлады. Тұрғындар шеруге шықты

«Алматының экологиялық ахуалы жыл өткен сайын нашарлап барады. Бұл жағдай тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр» деген табиғат жанашырлары қала әкімдігі рұқсат еткен шеру өткізді.

«Таза ауа» деп аталатын митингке шыққан тұрғындар мен эко-белсенділер ауаны ластаудың негізгі себептерін атады. Билікке қоғамдық көліктерді табиғи газға ауыстырып, оРталықта көп-қабатты ғимарат салуды доғарып, жасыл желекті көбейту талабын қойды.

Бесжан Төлебекұлы, қала тұрғыны:

– Қазір біз Алматы қаласында сәл тауға қарай шығатын болсақ қаланың көк түтінге оранып жатқанын білеміз. Ал оның салдары адамның жасы 50-60 тақаған кезде кері әсерін береді. Яғни, адам өмірі қысқаруға әкеп соғады. Ол үшін экология жағынан қолдау керек халыққа. ЖЭО-дағы фильтрлерді жаңарту керек.