Партия қатарына жастарды тарту қажет – сарапшы

Партия қатарына жастарды тарту қажет – сарапшы

«Аманат» партиясы өз ұстанымдары мен жұмыс тәсілдерін жаңғырта бастағаны – құптарлық іс. Бұл отандық сарапшылардың пікірі.

Енді партия жұмысы тиімді нәтижелерге бағытталуы керек. Әсіресе, аймақтардың тіршілігін түзеткен жөн.

Оразғали Селтеев, саясаттанушы: 

– Қазір маңыздысы партияның орталық аппарты мен филиалдары арасындағы байланысты арттыру. Сосын партия өкілдерінің сапалы құрамын қалыптастыру керек. Бәлкім облыс пен аудандық филиал басшыларын ауыстыру қажет. Сонда ғана Президент айтқан тапсырмалар бойынша нақты нәтижеге жетуге болады.

Айман Мұсақожаева, Қазақстанның халық әртісі:

– Алдымызда жаңа экономикалық міндеттер тұр. Оған заман талабына қарай бейімделіп қана қол жеткізе аламыз. Оны орындауға жастарды көбірек тарту керек. Олар – азат елдің ұрпағы, техниканыңсарапшы тілін, бүгінгінің трендін жақсы біледі. Міне, соларға жол ашсақ, мүмкіндік берсек, өз қарым қабілетін көрсетеді.