Азаматтық қорғаныс күніне орай Өскеменде оқу-жаттығу жиындары өтті

Азаматтық қорғаныс күніне орай Өскеменде оқу-жаттығу жиындары өтті

Кенеттен жер сілкінісі болған жағдайда алғашқы эвакуациялық іс-шара қандай болады, балалар нені білуі керек? Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Өскеменде дәл осындай сәтте іс-қимылды анықтайтын оқу-жаттығу өтті.

Құтқарушылар азғана жер дүмпуі болғанда кәдімгі партаның өзі қорған болады, дейді. Мүмкіндік болса, ғимараттан шығып, далада жүрген қауіпсіз көрінеді. Оқушылар назарына бір адам жарақат алып, оған қалай шұғыл көмек жасалатыны да көрсетілді. Оқу-жаттығу бір мезетте барлық білім ордасында жүрді.

Гүлзипа Увалиева, мұғалім:

– Мұндай практикалық жаттығулар өте маңызды деп ойлаймын! Себебі осы жаттығулар арқылы төтенше жағдай кезінде бәріміз дұрыс шешім қабылдауға және дұрыс әрекет жасауға үйренеміз.