Алматы қаласында коронавирустан үш адам көз жұмды

Алматы қаласында коронавирустан үш адам көз жұмды

Ал еліміз бойынша қауіпті дерттен 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтарда 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр, 47 науқастың жағдайы ауыр. Инфекцияға шалдыққан 17 мыңнан аса адам емін жалғастыруда. Ал өңірлерде жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазір барлық облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала «жасыл» аймақта.