Шығыс Қазақстандағы су тасқыны қаупі әуеден бақыланады

Шығыс Қазақстандағы су тасқыны қаупі әуеден бақыланады

Еліміздің шығысында 108 елді мекенді су басу қаупі бар.

Қазір мамандар арнайы көлікпен ауылдарды аралап, бақылауды күшейткен. Оған қоса өңірдегі су тасқыны қаупі әуеден бақыланады. Құтқарушылар Алтай аймағында тікұшақпен қадағалау жұмыстарын қолға алған. Өңірдің 96%-ін қалың қар жабуына байланысты аймақта су тасқыны болады деп күтіліп отыр. Қазір Ертістің салалары мен Бұқтырма су қоймасы ерекше бақылауда. Облыста 2 мыңнан астам арнайы техника сақадай сай тұр.

Алексей Штыкель, облыстық ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы:

– Әуеден барлау жасау бізге су тасқыны кезіндегі ең қауіпті аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Қазгидрометтің мәліметінше, биылғы көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Қазір қары қалың елді мекендерге арнайы мамандар жіберілді. Барлық аймақ бақылауда.