Қостанай облысында қанттың бір келісі 400 теңгеге жеткен

Енді аймақ қантты «Азық-түлік корпорациясы» арқылы сатып алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен бірге басқа елдерден әкелуге күш салады. Бұл үшін бюджеттен 850 миллион теңге бөлінеді. Қазір шекер сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан жеткізіліп жатыр. Алыпсатарлық болмас үшін әлеуметтік маңызға ие тауар шектеліп сатылады. Яғни адам басына үш келіден артық берілмейді.