Қазақстандықтар БЖЗҚ жинағының бір бөлігін қалай пайдаланды?

Қазақстандықтар арасында «БЖЗҚ жинағының бір бөлігін қалай пайдаландыңыз?» деген сауалнама жүргізгенбіз.

Сұрақтарымызға жауап берген кісілердің көбі зейнетақы жинақтарының «шекті мөлшерін осы қалпында сақтап қалса жөн болар еді» дегенді айтты. Арасында әлі де зейнетақы жинақтарын пайдаланып үлгермегендері бар екен.

- Зейнетақы шотыңыздағы артылған ақшаны қандай мақсатта пайдаландыңыз?

- БЖЗҚ жинағын әлі қолданған жоқпын, бар, пәтер алуға салам деп жүрмін.

- Жоқ, менде жетпейді.

- Биыл сол зейнетақы жинағына баспана алдым.

- Иә, пайдаландым, стоматология, қызымның көзіне операция жасатқыздық.

- Жоқ, пайдалана алмадым, өйткені тиісті межеден аспай тұр.

- Қазір пайдаланып жатырмын. Пәтер алу үшін.

- Иә, пайдаландым, балаларыма үй сатып алдым.