40 мыңға жуық шетелдік елімізде уақытша тұруға рұқсат алды

Әуежайларымыз дағдарысқа ұшырап, ұшақтарымыз ұшуды азайтып жатқанымен елге келіп жатқандар азайған жоқ.

Кейінгі 2 айда 40 мыңнан аса шетел азаматы біздің елде уақытша тұруға рұқсат алған. Яғни қаңтар-ақпан айларындағы көрсеткіш осындай. Бұл былтырғымен салыстырғанда 0,9 процентке артық. Бірақ Ішкі істер министрлігінің өкілі Наргиз Кашаева наурыз айында сырттан келетіндер қарасы көбейген жоқ дейді.

Наргиз Кашаева, ҚР ІІМ Баспасөз қызметінің сарапшысы: 

- Жыл басынан бері 40323 шетелдік азамат елімізде уақытша тұруға рұқсат алған. Оның 10340-ы Ресей азаматы. Ал 2021 жылдың қаңтар-ақпан айында  37136 шетел азаматы болса, оның ішінде  8734-і Ресей азаматы.