Елде 94 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Елде 94 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Мемлекет халықтың әлжуаз тобына қамқор болуды қаперден шығарған емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, отандық көлікті жеңілдетілген несиемен беру де жергілікті жұртты қолдаудың бір тетігі. Айталық, жыл басынан бері елде 94 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл 487 мың адам. Азаматтарды демеу қаржымен қамту мақсатына бюджеттен 87 млрд-тан астам теңге бөлінген. Бұдан бөлек, енді еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама беріліп жатыр. Өткен екі айда 1 мен 6 жас аралығындағы 114 мың балаға осы әлеуметтік топтама тағайындалған.