Сот шешімі: Алматыдағы 12 қабатты тұрғын үй кешені сүрілетін болды

Сот шешімі: Алматыдағы 12 қабатты тұрғын үй кешені сүрілетін болды

Алматы қаласының Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй кешені сүрілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот заңсыз құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, «АРТ-ТЕХНОСС» серіктестігімен сот ісі өткен жылдың маусымынан бері жалғасып келген. Қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтардың өтініштері негізінде тексеру жүргізген. Соның негізінде бірқатар заң бұзу деректері анықталды. Одан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. Сот 2021 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен оны қанағаттандырудан бас тартқан. Осыдан соң Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым беріліп, ақыры нысанды сүру туралы шешім шығарылды.