Министрліктер үйі, Парламент пен Үкімет ғимаратында бір сағатқа сыртқы жарық сөндірілді

Министрліктер үйі, Парламент пен Үкімет ғимаратында бір сағатқа сыртқы жарық сөндірілді
inform.kz

«Жер сағаты» жаһандық экологиялық акциясын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қызмет көрсететін Министрліктер үйі, Үкімет үйі, ҚР Парламент Мәжілісі мен Сенат ғимараттары, Қаржы министрлігі, АСПИР және Тұңғыш Президенті мұражайының сыртқы жарықтандыруы сөндірілді.

Жжер планетасының ресурстарын ұқыпты пайдалануға шақыратын жаһандық флешмоб барлық континетте 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін өтеді. Осы уақыт ішінде «Жер сағаты» қатысушылары өз еркімен электр құрылғылары мен жарықтандыруды пайдаланудан бас тартады. «Жер сағаты» жобасын бүкіл әлем бойынша екі миллиардқа жуық адам қолдайды. Біздің еліміз жаһандық экологиялық бастамаға 2009 жылы қосылды. Қазақстандағы «Жер сағаты-2022» экологиялық туризм тақырыбына арналған.

Ақорда «Жер сағаты» жаһандық акциясын қолдады.