Алматыда дауылдан 111 ағаш құлаған

Алматыда дауылдан 111 ағаш құлаған

Кешегі дауылдан Алматыда 111 ағаш құлады.

Олардың 25-і көлікті басып қалған. Зардап шеккендер жоқ.

Қалалық жасыл экономика басқармасы өкілдерінің айтуынша, құлаған ағаштардың 80 проценті шіріп, ескірген. Сонымен қатар жас шыбықтар да кешегі табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмаған.

Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты мамандарының айтуынша, қаладағы талдардың қорек аймағы аз, сондықтан ауруға бейім. Жалпы қазір қаладағы 2 миллион 800-ден астам жасыл желектің 84600-і апатты жағдайда. Мамандар ол ағаштарды жою және жаңарту бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты.

Нұржан Мұхамадиев, қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ маманы:

- Жасыл желектер қалалық жағдайда топырақ қорегі аздау болады, табиғатқа қарағанда сосын әртүрлі антропогендік нагрузкаларды жасыл желектер көп қабылдайды. Сол себепті ағаштың жанынан түрлі коммуникациялар өтеді, түрлі тамыры шіріктері сосын нөсер жауын көп болғандықтан топырақ қабаты, жұмсарып, шайылып, сондықтан ағаштар құлап жатқан себептері көп.