Жайылым мәселесі: бос жерлер енді шаруа қожалықтарына беріледі

Жайылым мәселесі: бос жерлер енді шаруа қожалықтарына беріледі

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарына беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның екінші отырысында айтылды. Бұл Президент тапсырмасы деді Әлихан Смайылов. Отырыста негізсіз жекешелендірілген объектілерді мемлекет меншігіне беру тетіктері де қарастырылды. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, барлық өңірлерде дерлік жайылым жер мәселесі өзекті. Осы орайда, 2,1 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жиын соңында премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысты жандандыруды тапсырды.