Ақтауда энергетикалық комбинатқа айыппұл салынды

Ақтауда энергетикалық комбинатқа айыппұл салынды

Ақтауға суық, ыстық және техникалық су беріп отырған энергетикалық комбинат тұтынушыларға 70 млн теңгеге жуық қаражатты қайтаруы тиіс.

1 сәуірде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өңірлік департаменті кәсіпорында жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде ыстық судың тарифіне шығындардың заңсыз қосылғаны анықталды. Өкілетті орган кәсіпорынға 2 млн 450 мың теңге айыппұл салды. Әрі артық төлемдерді кері қайтаруды міндеттеді.

Руслан Бектемір, энергетикалық комбинат басшысының орынбасары:

- Қайта есептеуді қолданыстағы тарифті дифференциалдау арқылы кезең-кезеңімен жүргізетін боламыз. Өйткені бұл үлкен жұмыс. Әр тұрғынның артық төлемі жеке сәйкестендіру номері арқылы анықталатын болады. Бізге берілген ұйғарым орындалады.