Жеке тұлғаларға несие беру азайды

Жоғары проценттік ставкаларға байланысты жеке тұлғаларға несие беру азайды.

@FINANCEkaz сарапшыларының айтуынша, банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 12,2%. Бұл қаңтармен салыстырғанда 0,2%-ке жоғары. Ал жеке тұлғаларға 18,4%-і құрады. Осы орайда экономистер мөлшерлемені бұдан әрі көтерудің мәні жоқ деп есептейді.  Жалпы ақпанда кредиттік портфель көлемі өсіп, 18,5 триллион теңгеге жетті деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. Бұл қаражаттың басым бөлігі, атап айтсақ, 11 триллион теңгеден астамы жеке тұлғаларға, қалғаны заңды тұлғаларға берілген.