Жамбыл облысында бірнеше ауылды су басты

Жамбыл облысында бірнеше ауылды су басты

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында бірнеше ауылына қарғын су келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде жаңбыр жауып, таудан аққан қызыл су Көкдөнен, Жақсылық елді мекендерін су басты. Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша 5 үйдің ауласына су кірген. Абырой болғанда адамдар аман. Судың деңгейі әлі төмен түскен жоқ. Қазір оқиға орнында арнайы техникалар жұмылдырылып, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.