Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жанданды

Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жанданды
podmoskva - LiveJournal

2022 жылғы 20 сәуірден бастап ирандық Kish Air әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.