Сарыөзекте  үй астынан су шықты – Алматы облысы

Сарыөзекте  үй астынан су шықты – Алматы облысы

30-дан аса екіқабатты үйдің тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр. Бұл – Алматы облысының Сарыөзек кентіндегі жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

90 жыл бұрын салынған баспаналардың әбден тозығы жетіп, есік-терезесінің қиюы қашқан. Бірақ құзырлы органдар апатты деп құжат жасамапты. Енді сазды жерге тұрғызылған үйлердің астынан су шығып, тұрғындарды одан әрі әуреге салып жатыр

Алевтина Даровскихтың көктем шыға көретіні осы. Биыл да еденінің асты көлкіген көлшікке айналды. Осыған дейін ол үш рет сорғызып, су деңгейін біршама төмендетіпті. Соның өзінде балтырға жететіндей болып тұр. Ұзақ жылдар бойы сыз тартып, қабырғалары көгерген үйде тұрғандықтан зейнеткердің денсаулығы сыр берген.

Алевтина Даровских, Сарыөзек кентінің тұрғыны:

– Сыз тартқандықтан үйде аяқ киімсіз жүру мүмкін емес. Бірдемде табаныңнан суық өтеді. Соның салдарынан аяқ қолым қақсайды. Жүрек те ауырады. Міне дәрі дәрмектің көмегімен жүрміз. Шағын дәріхана десем болады.

Сазды жерге салынған үйлердің іргетасы үгітіліп, қабырғасы жарыла бастаған. Шатырынан су өткендіктен ағаштары шіріп жатыр. Сондықтан сылақтары да жиі құлайды.    

Бибігүл Белгібаева, Сарыөзек кентінің тұрғыны:

– Мынау түсіп кетсе өлтіреді. Көрдіңіз бе қандай слой. Бетон. Сол үшін өзім жатам. Балаларды ана жаққа жатқызам. Басқа бізде выход жоқ. Міне пол жүрсеңіз дірілдейді.  СКЛ 57 қорқынышты апатты жағдай. Алдыңгүні түнде бірдеңе құлап түсті. Ойладым үй құлап кетті деп до такой степени ойлағаным сонша скорый шақырып әрең давленияны түсірдім.

Шайгүл Малаева, Сарыөзек кентінің тұрғыны:

–Тұрғындардың талабы мына үйлерді аваринный деп признавать етіп, кезекке қойсын. Хотябы. Салынып жатыр ғой үйлер. Қазір де бар. Солардан берсін. Сол біздің талабымыз.

Ауыл көркін қашырып тұрған бұл үйлер темір жол қызметкерлеріне арнап салынған. Сол кезде көптің қолы жете бермейтін элиталық пәтер болыпты. Тұрғызылғалы жөндеу көрмегендіктен бүгінде әбден ескіріп, тозығы жеткен. Орталық жылу және кәріз жүйесіне қосылмағандықтан қазір тұрғындар өздері пеш жағып, лас суды қазып алған ұңғымаларына жібереді. Жауаптылар мәселені шешу үшін үй құжаттарын реттеу керек,- дейді. 

Медет Сопбеков, Кербұлақ аудандық түкш бөлімінің бас маманы:

– Он үйдің құжаты бар юстицияға тіркелген. Объект кондоминимум ретінде. Қалған 26-сы тіркелмеген. Оларға қазіргі күнде ақша бөлінеді. Мәслихат сессиясы өтеді. Содан ақша бөлінеді. Тех паспортын жасатқаннан кейін тех заключение жасатамыз. Заключение алғаннан кейін ұсыныс енгіземіз. Қаражат сұраймыз. Республикалық бюджетке ұсыныс енгіземіз. Реновация бағдарламасына сәйкес осы үйді бұзып басқасын салып береді немесе үй салып соған көшіру керек.

Тұрғындар құжаттандыру ісі аяқталып, жаңасы салынғанша апатты үйлер құлап, қайғылы жағдай бола ма деп қауіптеніп отыр.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден Қуаныш Түргенбаев