Енді LRT бағаналары кәдеге жарай ма?

Осы LRT бағаналарына қатысты мамандардың ұсыныстарынан бөлек, елдің ойы қандай екен? Арна тілшілері оны да ескерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында айтып кеткен секілді, оны бұзғанша, бұзғанға көп қаражат кетеді, одан да қазақтың ғалымдарына беріп, істейтін ер азаматтарға беріп, соны дамытқан істеген дұрыс секілді.

– Алып тастау ол қымбатқа шығады, оның орнына ешнәрсе салуға болмайды, не саласың оған?

– ЛРТ ол басталған проект, оған қаншама қаражат кетті мемлекет тарапынан. Сондықтан оны бітірген жөн.

– Бастағаннан кейін оны бітіру керек. Анау колонналар тап жолдың ортасында тұр. Оны жаба алмайсыз. Оны алып тастау үшін неше қаражат керек?

– Мысалы, Дубайға барсаң дәл сондайлар жүр. Біздің де бала-шағамыз, немерелеріміз соны көрген жақсы ғой.