Семейде сайлау процесіндегі өзгерістер сараланды

Семейде сайлау процесін жаңғырту мәселесі талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қалаға  арнайы барып, бірқатар кездесу өткізді. Семей маңындағы ауыл тұрғындары да саяси үдеріс жайында пікір білдіруге мүмкіндік алды. Студенттер де саясаттағы өзгерістердің оң нәтиже береріне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

 – Осы билығы жылы, алдымен Конституцияға, содан кейін қолданыстағы заңдарға өзгеріс енгізгеннен кейін, жаңа жүйе өз күшіне енгеннен кейін сайлаулар өткізіледі. Сол кезде жаңа адамдар Парламентке келеді.