Шу ауданында жастармен кездесу өтті

Шу ауданында жастармен кездесу өтті

Жастардың да өз айтары бар. Қазіргі қоғамның дамуы мен күнделікті өзгерістерге қатысты өз пайымдары мен ұсыныстарын ортаға салған кездесу Жамбыл облысының Шу ауданында  өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы мұндағы халық саны 103 мыңға таяу болса, оның 23 мыңдайы – жастар. Кездесуге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Александр Данилов пен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Азиз Искаков қатысты. Жиында өскелең ұрпаққа қатысты көптеген мәселе көтерілді. Жастар астаналық қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кей мәселерге қатысты уәдесін алды.

Таукен Айбек, Жамбыл облысы  «Жастар ресурстық орталығының»  директоры:

Кездесу еркін форматта болды. Бұл жерде тек қана сөз сөйлеп қана қоймай, аудан жастарынан сұрақтар, ұсыныстар айтылып, осы біздің келіп отырған қонақтарымызға көптеген қызықты ұсыныстар, сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды. Аудан жастарының қойған ұсыныстарын қабыл алып, алдағы уақытта мемлекет басшысының алдында, депутаттардың алдында осы мәселені көтеріп, яғни жастарды қолдайтын боламыз.